Болашақты жобалау
кезінде жұмысты кәсіпқойларға тапсырыңыз!

Авторлық қадағалау

 «Caspian Engineering & Research» ЖШС авторлық қадағалау қызметтерін орындайды, бұл объектіні болашақта қауіпсіз пайдалануға кепілдік беретін құрылыстың маңызды кезеңі болып табылады.

Объектілердің құрылысына авторлық қадағалау жүзеге асыра отырып, компания құрылыс мердігерімен орындалатын ҚМЖ-ның компания әзірлеген және Тапсырыс беруші бекіткен жобалық құжаттамаға сәйкестігін   бақылайды.

Құрылыс мердігері қандай да бір себеппен жобалық шешімдерге өзгертулер енгізу туралы ұсыныстар берген жағдайларда, егер бұл жобада қабылданған шешімдерді нашарлатпаса, жобалық немесе жұмыс құжаттамасына жедел түрде өзгерістер енгізіледі.  Бұл үшін компанияның өз бетінше кез-келген жабдықтарды және материалдарды ауыстыру туралы шешім қабылдай алатын, қажетті есептеулер жасауға және жобалау немесе жұмыс құжаттамасына өзгерістер енгізе алатын жобалаушы мамандары бар.

«Caspian Engineering & Research» ЖШС мамандары құрылысқа арналған атқарушы құжаттаманы рәсімдеу және жүргізуді жузеге асыра алады. Нәтижесінде, құрылыс аяқталғаннан кейін, Тапсырыс беруші нақты құрылыс жасалған объектіге сәкес келетін атқарушылық техникалық құжаттаманың комплектін алады, бұл одан әрі оны пайдалануды, күрделі жөндеуден өткізуді, қайта жаңартуды және т. б. жеңілдетеді.

«Caspian Engineering & Research» ЖШС Авторлық қадағалау тобының жетекшісі, бас жобалаушының (жобалаушының) өкілі ретінде, объектіні пайдалануға қабылдауына қатысады және қабылдау комиссиясының актісіне қол қояды.