Болашақты жобалау
кезінде жұмысты кәсіпқойларға тапсырыңыз!

Компания туралы

«Caspian Engineering & Research» ЖШС, Қазақстанның мұнай және газ секторындағы жетекші инжинирингтік компанияларының бірі, 2003 жылы 29 тамызда құрылған және Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Маңғыстау облыстық Әділет Департаментінде тіркелген, № 5727-1943-ТОО.

Компанияның қызмет көрсету аясына алдын-ала жобалау құжаттарын әзірлеу жұмысы және кен орнын жайластырудың жабалау-сметалық құжаттамасын әзірлеу кіреді, сондай-ақ қызмет көрсету аясы келесі қызметтерді қамтиды:

  • Мұнай, газ және газ конденсатты кен орындарын жайластыруды жобалау;
  • Магистральді мұнай құбырларын, газ құбырларын және мұнай өнімдері құбырларын, сонымен қатар олардағы құрылымдарды жобалау (мұнай айдайтын станциялар, газ тарату станциялары мен пункттері);
  • Ілеспелі инженерлік жүйелерді жобалау (электрмен жабдықтау, су тұтыну және су тарту жүйесі, жылыту және желдету, жолдар, вахта кенттерінің инфрақұрылымы);
  • Экологиялық жобаларды сүйемелдеу;
  • Жобаға бақылау органдарынан келісім алу;
  • Объектілердің құрылысын авторлық қадағалау;
  • Консалтингтік қызметтер.

Ұсынылған қызметтерді атқару мақсатында компанияда мұнайгаз саласындағы нысандарды жобалауға, табиғатты қорғауды зерттеуге, тау кен, мұнай химиялық, химиялық өндіріс нысандарын жобалауға, жер асты құрылыстарын, ыдыстар мен құбырларды жобалауға қажетті барлық лицензиялар қолда бар

Компания өзінің іскерлік беделі мен имиджін бағалайды. Компанияның сыртқы қарым-қатынастары өзара сыйластық, ашықтық, адалдық және жауапкершілік принциптерін сақтау негізінде құрылады. Корпоративтік этиканың жоғары стандарттарын қатаң ұстанатын Компанияның адал, ашық беделі – оның табысқа жетуі мен өркендеуінің кепілі болып табылады.

Сапа, экология, денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігі аймағындағы Саясаты ҚР заңнамасының нормалары мен талаптарын мүлтіксіз сақтау міндеттемелерін мәлімдейді. Компанияның Интегралданған Менеджмент Жүйесі ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, OHSAS 18001:2008 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес сертификатталған. ИМЖ аясында ISO 31000:2009 талаптарына сәйкес тәуекелдерді басқару жүзеге асырылады.