Болашақты жобалау
кезінде жұмысты кәсіпқойларға тапсырыңыз!

Экологиялық сүйемелдеу

"Caspian Engineering & Research" ЖШС қоршаған ортаны қорғау, табиғатты ұтымды пайдалану, экологиялық қауіпсіздік және менеджмент саласындағы барлық заңды тұлғалар үшін міндетті  экологиялық құжаттаманы әзірлеу және келісу бойынша қызмет көрсетеді.

Компания қызметкерлерінің біліктілігі жоғары, Қазақстан Республикасының мұнай және газ кен орындарында жобалармен жұмыс істеу кезінде олар білімдері мен тәжірибелерін жетілдіріп, арттыра түседі.

Біздің қызмет етуіміздің негізгі принциптері бұл -  табиғатты қорғау заңнамасы талаптарының сақталуын мұқият қадағалау, клиент талаптарына барынша сәйкес болу, жобалық жұмыстарды білікті, сапалы және жылдам орындау болып табылады. Барлық жұмысты біз табиғатты қорғау заңнамасы саласындағы нормалар, ережелер мен Заңдар, Кодекстер мен Нормативтік құжаттарды ескере отырып орындаймыз.

Көрсетілетін қызметтер аясында келесі қызметтер кіреді:

  • Алдын ала Қоршаған ортаға әсерді бағалау, ҚОӘБ және ҚОҚ (қоршаған ортаны қорғау) бөлімдерін әзірлеу;
  • қоғамдық тыңдаулар өткізу;
  • жобаларды бақылаушы органдарда келісу;
  • қоршаған ортаға эмиссиялардың сараптамалық бағалауы;
  • табиғатты қорғау саласындағы жобалау бойынша кеңес беру.