Болашақты жобалау
кезінде жұмысты кәсіпқойларға тапсырыңыз!

Жобалау

Мұнай-газ объектілерін жобалау аймағында жинақталған тәжірибе, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігін тұрақты жетілдіру, персоналды техникалық жарақтандыру, қазіргі заманғы технологияларды қолдану және бағдарламалық қамтамасыз ету компанияға жобалаудың барлық сатыларындағы жоғары сапалы жобаларды әзірлеуге мүмкіндік береді:

  • Объектілер құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі
  • Тұжырымдамалық жобалар
  • Сәулет-жоспарлау тапсырмасы
  • Жобалық құжаттама
  • Өнеркәсіптік қауіпсіздік деларациясы
  • Технологиялық регламенттер
  • Жұмыс құжаттамасы
  • Ілеспе мұнай газын дамыту және қайта өңдеу бағдарламалары

Компания активінде –  Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларының, ережелерінің және стандарттарының талаптарына толықтай сәйкес тұжырымдамаларды, бағдарламаларды, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу.

Біз Қазақстандағы ірі жер қойнауын пайдаланушылар үшін жобалық жұмыстар атқарамыз, мысалы келесі кен орындарында: Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Әлібекмола, Чинарев, Солтүстік Бозашы, Қаламқас, Батыс Прорва, Доңға, Арыстан, Ақшабұлақ, Қарақұдық, Қаражанбас.

Жобаланған объектілердің ішінде – мұнай дайындау қондырғысы (МДҚ) және газ дайындау қондырғысы (ГДҚ), мұнай демеркаптанизациялау қондырғысы (МДҚ) және алдын ала су қашыртқысы (ААСҚ), құбыр көлігі және мұнай-химия объектілер жүйелері, инфрақұрылым және теңіз құрылымдары, газды кері айдау және қаттағы қысымды ұстап тұру жүйесі.

Біз өзіміз әзірлеген жобаларға келісулер алу және сараптамалар өту кезінде техникалық сүйемелдеу жасаймыз, авторлық қадағалау бойынша жұмыстар орындаймыз.

Біздің жобалар сенімді серіктес имиджін сақтап тұруға мүмкіндік береді, бұны біздің Тапсырыс берушілеріміздің жағымды пікірлері дәлелдей алады.