Кодекс
Іскерлік қарым-қатынас және әдеп Кодексі
Осы іскерлік қарым-қатынас және әдеп Кодексі (әрі қарай – Кодекс) «Caspian Engineering & Research» ЖШС Жарғысына (әрі қарай – CE&R немесе Компания) және Қазақстан Республикасы заңнама талаптарына сәйкес дайындалған.
Осы Кодекс іскерлік әдеп жоғары стандарттарымен келісілген, Компания бизнесін басқарудағы жалпы қағидаларын мазмұндайды. Кодексті, әдепті және адал тәртіпті ынталандыруға және теріс қылықтардан ұстап қалуға арналған минималды стандарт деп қарастырылған. Компания, өз тарапынан Кодекс талаптарын, заңнамада немесе іскерлік айналымның әдет-ғұрыптарымен қарастырылған, жоғары стандарт қолданысын, одан аса жоғары стандарттарын ұстанады.
Осы құжат қағидаларын жүзеге асыру келесі маңызды мәселелерді шешуге бағытталған:
- CE&R ЖШС тапсырыс берушілермен және әріптестермен қарым-қатынастарын жоғары дәрежедегі беделде ұстану;
- CE&R ЖШС жұмысшыларының іскерлік қарым-қатынас ережелерін меңгеру, өзінің лауазымдық міндеттерін адал орындауға жауапкершілігі;
- әріптестермен қарым-қатынастары арасындағы сыпайылық және әдептілік, адалдық, парасаттылық, сыпайылық, өзара түсінушілік жағдайын жасау, сенім және ынтымақтастық, және ұжымда қолайлы әлеуметтік-психологиялық жағдай жасау;
- әріптестер арасында ақпаратпен және тәжірибемен бөлісу, жоғары нәтижеге жетуге бір-біріне көмегін көрсету, топта жұмыс жасау икемділігі;
- Компания және әріптестер алдындағы міндеттерін нақты және уақытылы орындау, өзін ұстай білушілік, орындаған жұмысын белгілі бір нәтижеге жеткізу және жинақылық;
- өз жұмыс уақытын және әріптестер уақытын ұтымды пайдалану және Компания мүлігі;
- қызметкерлердің салауатты өмір салтына ұмтылысы және отбасылық құндылықтарды құрметтеу;
- CE&R ЖШС қызметкерлері арасында іскерлік қарым-қатынас тиімділігін арттыру.
Кодекс Компания қызметкерлеріне және барлық лауазымды тұлғаларына қатысты, соның ішінде Бас директорге, Атқарушы директорге, Жобалау жөніндегі директорге, Қаржы директорге, Кеңсе директорге(әрі қарай Жоғары басшылық).
Кодекстің талаптарын орындау CE&R ЖШС барлық қызметкерлерінің тиісті тәртібінің көмегімен іске асады. Әр қызметкер, осы нормаларды жүзеге асыруға ықпал ететін тәртіп ережелерін орындауға міндетті.
Іскерлік қарым-қатынас және әдеп Кодексі . Оқу